Александр Марочкин ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM — Қорғаушы Александр Марочкин футболдан Қазақстан құрамасы сапындағы мансабын аяқтағанын мәлімдеді.

Бұл жөнінде ол 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі құраманың Лихтенштейнмен кездесуінен кейін Қазақстан футбол федерациясына берген сұхбатында мәлім етті.
— Бүгінгі ойын оңайға соққан жоқ. Біз үшін жеңіс өте қажет болды. Ұпай жоғалтқымыз келмеді. Жанкүйерлер оны күтті. Жылдам гол соғуға тырыстық. Асығыстық байқалды. Қателіктерге жол бердік. Екі гол соғуға мүмкіндік туды. Одан кейін допты бақылауда ұстай білдік. Бұл ойында біз жеңіске жеттік. Маған Максим Самородов нәтижелі пас шығарып берді. Оны голға айналдырғаныма қуаныштымын. Айта кетсек, аталған кездесу мен үшін ұлттық құрамадағы соңғы ойын ретінде ерекшеленді, — деді Александр Марочкин.
Александр Марочкин 1990 жылы 14 шілдеде дүниеге келген. Ұлттық құрама сапында 50 ойында бір голдың авторы атанды.
Өз мансабында ол 2012 жылдан бері қазақстандық клубтарда ойын көрсетіп келеді. 2023 жылдан бастап елордалық «Астана» намысын қорғап жүр.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі екінші кезедсуінде Лихтенштейннен басым түсті.