12:40, 03 Қаңтар 2024 | GMT +5
Александр Недовесов Брисбен турнирінің ширек финалына жолдама алды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Брисбен (Аустралия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Аталмыш жарыста А.Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге 7-ракетка болып тіркеліп, доданы екінші айналымнан бастауы керек еді.
Олардың қарсыласы ресейліктер Роман Сафиуллин мен Аслан Карацев болатын.
Осы турнирде А.Карацев жекелей сындағы матчта тізесінен жарақат алып қалды.
Сол себепті енді ол додаға қатыса алмайды.
Осылайша, А.Недовесов — Г.Эскобар ойнамастан ширек финалға жолдама алды. Олардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Жаңа Зеландиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.