Александр Недовесов Хорватиядағы жарыстың ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Умаг (Хорватия) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бастапқы матчын жарыстың 4-ракеткалары, уругвайлық Ариэль Бехар – чехиялық Адам Павлашекпен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде А.Бехар – А.Павлашек есе қайырды – 6:4.

Супер тай-брейкте А.Недовесов – Г.Эскобар айқын басымдылық танытты – 10:3. Бір сағат 24 минутқа созылған бәсеке барысында олар 4 эйс жасап, 3 брейк-пойнттың біреуін құр жібермеді.

Уругвайлық-чехиялық дуэт те 4 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Александр Недовесов пен Гонсало Эскобардың ширек финалдағы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Гамбург турнирінің жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ теннистен Президент кубогінде Михаил Кукушкин ширек финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар