Александр Недовесов Мексикада Акапулько ATP 500 турнирін жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов Акапулько (Мексика) ATP 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Александр Недовесов Брисбен турнирининг чорак финалига йўлланма олди
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге алғашқы айналымда Лос-Кабос (Мексика) ATP жарысының финалындағы қарсыластары, аустралиялықтар Макс Перселл – Джордан Томпсонмен ойнауы керек еді.

Бірақ аустралиялық жұп келмей қалды да, олардың орнына мексикалықтар Эмилиано Агилера Герреро – Мануэль Хосабед шықты.

Қазақстандық-эквадорлық дуэт матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Осы басымдылықты сет біткенше уысынан шығарған жоқ.

Екінші партия да сәтті басталды – 2:0. Ақыры матч жеңіспен түйінделді – 6:4.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Недовесов – Эскобар 4 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Мексикалықтар 1 эйс, 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.

Александр Недовесов – Гонсало Эскобар жартылай финалға шығу үшін жарыстың 4-ракеткалары, франциялықтар Садио Думбия – Фабьен Ребулмен шеберлік таластырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы турнирде бір күнде екі жеңіске қол жеткізгенін жазған едік.

Сондай-ақ Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті.

 

Соңғы жаңалықтар