Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қазақстан теннис федерациясынан

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге жартылай финалда аустралиялықтар Алекс Де Минаур - Джордан Томпсонмен ойнауы керек еді.

Алайда қарсыластары белгісіз себептермен матчқа келген жоқ.

Қазақстандық-эквадорлық жұп финалда жарыстың бірінші ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф - ұлыбританиялық Нил Скупскимен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Андрей Голубев Италиядағы жарыстың жартылай финалына өтті.

Анна Данилина Ноттингем турнирінің жартылай финалына жолдама алды.


Соңғы жаңалықтар