Александр Недовесов Нидерландтағы жарыстың жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Хертогенбос (Нидерланд) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Photo: sports.kz

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда нидерландылықтар Робин Хасе - Таллон Грикспурмен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағатқа созылған матчта Недовесов пен Эскобар 9 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Александр Недовесов - Гонсало Эскобар финалға шығу үшін аустралиялықтар Алекс Де Минаур - Джордан Томпсонмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Нидерландтағы жарыста «Үлкен дулыға» чемпиондарын ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина Ноттингем турнирінің ширек финалына шықты.

Бейбіт Жұқаев Пуэрто-Рикодағы турнирдің ширек финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар