Александр Недовесов Швейцариядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Александр Недовесов Женева (Швейцария) АТР 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бастапқы кездесуін америкалықтар Натаниэль Ламмонс — Джексон Уизроумен өткізді.
Бірінші партияны қазақстандық-эквадорлық жұп өз есебіне жазды – 6:4. Екінішісінде америкалық дуэт есе қайырды. Супер тай-брейкті Недовесов – Эскобар сәтті аяқтай алды – 10:3. Бір сағат 24 минутқа созылған матчта олар 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Америкалықтар 5 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.
Александр Недовесов – Гонсало Эскобардың ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Парижде өтіп жатқан Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайыстары қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды.
Осындай деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысқан әлемнің 171-ракеткасы Бейбіт Жұқаев рейтингіде өзінен жеті саты төмен тұрған аргентиналық Хуан Мануэль Серундолоға есе жіберді – 4:6, 3:6.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 167-ракеткасы Денис Евсеев дебюттік матчында рейтингіде 236-орындағы болгариялық Адриан Андреевке 2 сағат 33 минутқа созылған тартысты бәсекеде жол берді – 6:3, 4:6, 6:7 (7:10). Соңғы, шешуші сетте 3:0, 4:1 есебімен алда тұрған Д.Евсеев сол басымдылығынан айырылып қалды.
Қазақстанның әйелдер арасында екінші, әлемнің 37-ракеткасы Юлия Путинцева Страсбург (Франция) WTA 500 турнирінің іріктеу сайыстарынан сәтті өткенімен, бүгін алғашқы айналымда рейтингіде 34-сатыдағы чехиялық Катерина Синяковадан жеңіліс тапты – 0:6, 5:7.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің әлемдік рейтингіде рекордтық нәтижеге қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Александр Шевченко Женева жарысын жеңіспен бастады.