Александр Шевченко Аделаида турнирінде екінші жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 106-ракеткасы Александр Шевченко Аделаида (Аустралия) ATP 250 турнирінде негізгі жарысқа өтті.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 79-ракеткасы, аустриялық Филип Мисоличтің меселін қайырды.
Бірінші партияда Шевченко 7:5 есебімен басым түсті. Ол екінші сетті де өз есебіне жазды — 6:3.
Бір сағат 26 минутқа созылған бәсекеде А.Шевченко 6 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ. Мисолич 1 брейкпен (3 брейк-пойнт) шектелді.
Осылайша, Александр Шевченко Аделаидада негізгі додаға жолдама алды.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 221-орындағы Дмитрий Попко Аустралия ашық біріншілігінің
іріктеу додасында өнер көрсетеді. Ол бастапқы кездесуін әлемнің 112-ракеткасы, америкалық Маккензи Макдональдпен өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Гонконг турнирінде топ жарғанын жазған едік.
Сондай-ақ Александр Бублик жаңа маусымның сәтті басталғанын айтты.