Александр Шевченко АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның екінші, әлемнің 102-ракеткасы Александр Шевченко Самтер (АҚШ) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 208-орындағы жапониялық Шо Шимабукуроның мысын басты.
Кездесу 6:3, 6:3 есебімен аяқталды.
Александр Шевченко жартылай финалға өту үшін әлемнің 112-ракеткасы, грузиялық Николоз Басилашвилимен таласады.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 206-орындағы Бейбіт Жұқаев Канкун (Мексика) челленджер жарысының алғашқы айналымында сенсация жасап, әлемнің 97-інші, осы турнирдің 5-ракеткасы, аустралиялық Тристан Скулкейтті 6:4, 7:6 (9:7) есебімен ұтты. Тартысты бәсеке 2 сағат 8 минутқа созылды. Бейбітке ізінше екінші матч өткізуіне тура келді. Бұл жолы ол әлемнің 140-ракеткасы, перулік Игнасио Бусеге есе жіберді - 3:6, 6:7 (4:7). Осылайша, доданы іріктеу сайыстарынан бастаған Бейбіт Жұқаев ширек финалдан шет қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Италиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.