Александр Шевченко Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 106-ракеткасы Александр Шевченко Аделаида (Аустралия) АТР 250 турнирі іріктеу сайысының финалына шықты.

Дэвис кубогы: Оңтүстік Кореямен ойында Шевченко Қазақстанды есепте алға шығарды
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші іріктеудің жартылай финалында әлемнің 98-ракеткасы, испаниялық Карлос Табернердің мысын басты.

Шевченко 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 10 минутқа созылған бәсекеде Шевченко 7 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Табернер 1 эйспен шектелді.

Александр Шевченко іріктеу сайысының финалында әлемнің 79-ракеткасы, аустралиялық Филип Мисоличпен сынға түседі. Оны ұтқан жағдайда негізгі додаға жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Путинцеваның Аделаида турнирінде алғашқы қарсыласын айқын басымдылықпен ұтқанын жазған едік. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Путинцева Аделаида турнирінде алғашқы қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. 

Сондай-ақ Александр Бублик Гонконг турнирінің финалына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар