Александр Шевченко Франциядағы турнирде жергілікті теннисшіден басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның екінші, әлемнің 82-ракеткасы Александр Шевченко Экс-ан-Прованс (Франция) челленджер турнирінің 1/8 айналымына шықты.

Александр Шевченко
Фото: instagram.com/shevchenkoo_17

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін рейтингіде 216-орындағы франциялық Дэн Аддедпен өткізді.

А.Шевченко қарсыласынан 6:2, 6:2 есебімен басым түсті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсекеде Шевченко 8 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді. Аддед 1 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.

Александр Шевченко ширек финалға шығу үшін әлемнің 100-ракеткасы, қытайлық Йибин Вумен таласады. Ол рейтингіде 95-сатыдағы тағы бір франциялық Александр Мюллерден айласын асырды – 6:3, 6:4.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Мадрид турнирінің ширек финалынан тыс қалғанын жазған болатынбыз

Шымкент турнирінде Денис Евсеев 18 жастағы Әмір Омархановты жеңді.