Александр Шевченко Франциядағы жарыста жергілікті теннисшіні жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко Бордо (Франция) челленджер турнирінің 1/8 финалына өтті.

Шевченко
Фото: instagram.com/shevchenkoo_17/

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 127-ракеткасы, Франция өкілі Уго Греньені жолдан тайдырды.

Бірінші партияда А.Шевченко тай-брейкте табандылық танытты – 7:6 (7:4).

Екінші сет қазақстандық спортшының айқын басымдығымен аяқталды – 6:1.

Бір сағат 46 минутқа созылған бәсекеде Шевченко 3 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті. Гренье 6 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) ерекшеленді.

Александр Шевченко ширек финалға шығу үшін әлемнің 80-ракеткасы, америкалық Александр Ковачевич немесе рейтингіде 176-орындағы франциялық Кальвин Эмеридің біреуімен таласады.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 165-сатыдағы Михаил Кукушкин алғашқы айналымда әлемнің 136-ракеткасы, ресейлік Павел Котовпен шеберлік байқасады.

Рейтингіде 220-орындағы Бейбіт Жұқаев Загреб (Хорватия) челленджер жарысында бастапқы кездесуінде әлемнің 127-ракеткасы, Швейцария өкілі Жером Кимге жол берді – 2:6, 0:4. Екінші партияда Б.Жұқаев матчты жалғастырудан бас тартты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Загребтегі турнирде қарсыласын ұтқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар