19:57, 15 Мамыр 2025 | GMT +5
Александр Шевченко Франциядағы жарыстың ширек финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстанның екінші, әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко Бордо (Франция) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 176-орында тұрған франциялық Кальвин Эмеридің мысын басты.
Матч 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.
Бір сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында Шевченко 6 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Эмери 5 эйспен шектелді.
Александр Шевченконың келесі қарсыласы кейін анықталады.
Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 165-орындағы Михаил Кукушкин әлемнің 29-ракеткасы, америкалық Брендон Накасимаға жол берді - 3:6, 5:7.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Франциядағы турнирде ресейлік теннисшіден басым түскенін жазған болатынбыз.