Александр Шевченко Қытайдағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 96-ракеткасы Александр Шевченко Чэнду (Қытай) АТР 250 турнирінің ширек финалына шықты. 

Шевченко
Фото: ҚР ҰОК

Александр Шевченко екінші айналымда әлемнің 36-ракеткасы, франциялық Джованни Мпетчи Перрикармен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда франциялық теннисші тай-брейкте басым түсті - 7:6 (7:2).

Екіншісінде Шевченко есе қайырды - 7:6 (7:5).

Содан кейін үшінші, шешуші сетте жеңісті жұлып алды - 6:4.

Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсекеде Шевченко 10 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыласы 24 эйспен ерекшеленді.

Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 168-орындағы жапониялық Таро Дэниелмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Шевченконың Қытайдағы ATP 250 жарысын жеңіспен бастағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар