Александр Шевченко Монте-Карло мастерс турниріне жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 76-ракеткасы Александр Шевченко Монте-Карло мастерс турнирі іріктеу сайысын жеңіспен тәмамдады.

Александр Шевченко
Фото: instagram.com/shevchenkoo_17

Александр Шевченко іріктеу сайысының финалында әлемнің 80-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агутпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда тай-брейкте Шевченко басымдық танытты - 7;6 (7:3). Оның екінші сетте де мерейі үстем болды - 7:6 (7:4).

Екі сағат 14 минутқа созылған тартысты бәсекеде Шевченко 11 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Испаниялық теннисші 1 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Александр Шевченко негізгі жарысқа жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы тағы бір турнирде топ жарғанын жазған болатынбыз.

Александр Шевченко Монте-Карло мастерс турнирінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар