09:58, 05 Тамыз 2023 | GMT +5
Александр Винокуров Глазгода өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері, ең танымал қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров Глазгода өткен әлем чемпионатында 50+ категориясы бойынша жарыста алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат велокоманданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екінші орында — испандық Рауль Патино. Үздік үштікті Адриан Яш түйіндеді.