Алексей Чуркин әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды
АСТАНА. KAZINFORM — Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін ерлер арасында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бұл сында Қазақстан атынан Едіге Емберді мен Алексей Чуркин өнер көрсетті.
85 келі. А тобы
1-орын: Мохамед Эль-Сайед — 390 кг (177+213)
2-орын: Йейсон Лопес — 387 кг (178+209)
3-орын: Лэй Цзяньцин — 382 кг (168+214)
4-орын: Алексей Чуркин — 378 кг (168+210)
16-орын: Едіге Емберді — 355 кг (157+198)
Айта кетейік, Нинбода өтіп жатқан әлем біріншілігі — 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі алғашқы жарыс.
Осыған дейін Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өтетін әлем чемпионатына кімдер баратынын жазғанбыз.