Алексей Ни кетпеуі мүмкін

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Ауыр атлетика бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни өз қызметінде қалуы мүмкін.
None
None

Бұл асығыста жасалған мәлімдеме болуы ықтимал. Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы басшысының міндетін атқарушы Алексей Крючков осылай айтты.

«Меніңше, бұл мәселе туралы айту әлі ерте. Алексей Ни келгеннен кейін біз оны тыңдап, оның отставкаға кету жөніндегі мәлімдемесінің себеп-салдарын білетін боламыз. Қазір бұл туралы нақты бір нәрсе айту қиын. Себебі ондай жағдайлар болады: бапкерлер толқып тұрып, өз қызметін аяқтаймын деп жатады. Бірақ демалып, өз қалпына келгеннен кейін жұмысты жалғастырады. Сондықтан дәл қазір нақты бір шешімдер жасамай-ақ қоялық», - деді А.Крючков.

Соңғы жаңалықтар