01:46, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Алексей Полторанин - Әлем кубогы есебінде 17-орында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариядағы «Тур де Ски» көпкүндігіне қатысып жатқан қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Әлем кубогының жалпы есебінде үздік 20-лыққа кірді.

Алексей осы маусымда 105 спортшының ішінде 17 орында келеді. Полторанин 161 ұпай жинады, деп жазады sports.kz.
Шаңғы жарысынан Әлем кубогының жалпы есебі:
1. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) - 828
2. Петер Нортуг (Норвегия) - 499
3. Финн Хааген Крог (Норвегия) - 395
4. Никлас Дюрхауг (Норвегия) - 352
5. Сюр Рёте (Норвегия) - 347
6. Федерико Пеллегрино (Италия) - 315
7. Дидрик Тоенсет (Норвегия) - 291
8. Ханс Кристер Холлунд (Норвегия) - 282
9. Морис Манифика (Франция) - 274
10. Сергей Устюгов (Ресей) - 258...
17. Алексей Полторанин (Қазақстан) - 161.