ӘЛЕМ АПТА ІШІНДЕ: Мысыр тағы да әскери билікке өтті
Мәселен, апта басында Мысырда өткен президенттік сайлауда елдің бұрынғы қорғаныс министрі, фельдмаршал Абдель Фаттах ас-Сиси басымдықпен жеңіске жетке болатын. Оған басты қарсылас болған социалист-насерист Хамдин Сабахидің басым дауыс жинауға еш мүмкіншлігі болмады.
Сайлаудың дауыс беру шарасы дүйсенбі мен сейсенбі күндеріне белгіленген болатын. Алайда сайлаушылардың дауыс беруге қатысу деңгейінің төмен болуына орай елдің Орталық сайлау комиссиясы сәрсенбі күні де сайлау өткізуге мәжбүр болды. Алдын ала бағалауларға қарағанда, дауыс беруге елдің шамамен 53 млн. тұрғыны, шамамен сайлаушылардың жалпы санының 45 пайызы қатыса алар еді.
Әзірше, ресми нәтиже жария етілген жоқ. Бірақ алдын ала мәліметтерге сәйкес, саналған дауыстардың 93 пайызы фельдмаршалға берілесе, ал оның оппонентті небәрі үш пайыз ғана дауыс жинады.
Атап өтерлігі, бұл сайлау «араб» көктемі басталғаннан бергі соңғы үш жыл бойғы елдегі ішкі саяси қақтығыстар аясында өткен болатын. Президент тақтан тайдырылғаннан кейін, айтпашы бұған дейінгі елдің тізгінін ұстаған Хосни Мүбарак та (қазіргі уақытта түрмеде жазасын өтеуде) әскерилер сапынан болатын, елдің билігіне «Мұсылман бауырлар» жақтасы Мұхаммед Мурси келген еді. Алайда ол өткен жылдың маусымында үкіметке шарсы шерулер барысында биліктен шеттетілді.
Сайлауға дайындық барысында бұрынғы президент Мұхаммед Мурсидің жақтастары, оппозициялық жастар қозғалыстары және «Қуатты Мысыр» партиясы президенттік сайлауға наразылық танытуға шақырған болатын. Сонымен бірге оппозициялық күштер дауыс беру кезеңінде сайлау заңнамасының жаппай бұзылатындығын айтып, қоқан-лоққы жасады. Дегенмен ендігі уақытта ас-Сисидің жеңіске жеткендігі еш күдік тудырмайды.
59 жастағы Абдель Фаттах ас-Сиси армияның барлық мансаптық жолынан өткен кадрлық әскери қызметші. Ол Каирда діни отбасында дүниеге келген. 1977 жылы Мысырдың Әскери академиясын бітірген. Мысыр армиясында қызмет етіп, Ұлыбританияда, АҚШ-та білімін жетілдірген. Мысыр елшіліктері жанында әскери атташе болып істеп, жекелеген қызметтер мен ведомстволарға басшылық жасаған. 2012 жылы Мысырдың қорғаныс және әскери өнеркәсіп министрі болып тағайындалған.
Ас-Сисидің Мысыр Президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынатындығы туралы алғашқы деректер М.Мурси биліктен шеттетілгеннен кейін айтыла бастаған еді. Сол кезде ол «барлық жағдайда халықтың қалауына мойынсұнатындығын» уәде еткен-ді. Оның дәл осы уәдесінен кейін халық жаппай қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар ол елдің екінші президенті болған Гамаль Абдель Насердің балалары тарапынан зор қолдауға ие болды.
Жаңа сайланған президенттің жақын аралықтағы басты міндеті елдегі ахуалды тұрақтандыру, эканомика қсімін қамтамасыз ету және әлеуметтік бағыттағы бағдарламаларды орындау болмақ. Елдегі экономикалық ахуал өте қиын. Мысырлықтардың 50 пайыздан астамы кедейшілікте өмір сүріп, жұмыссыз жүр, инфляция өсіп келеді.
Елдің жаңа басшысының алдағы уақыттағы сыртқы саяси бағдары айқын. АҚШ-пен арадағы қатынас бұзылғаннан кейін өткен жылдың соңына қарай жаңа сайланған президент Мәскеумен байланысын қарқынды жүргізе бастаған болатын. Айтпақшы, сайлаудың ресми нәтижелерін күтпестен РФ Президенті В.Путин ас-Сисиді сайлаудағы жеңісімен құттықтаған болатын.
Ал ас-Сиси өзінің өңірлік көршілерімен қатынасын прагматикалық ынтымақтастық жіне теңгерімді саясат басымдығы ұстанымында жүргізбек. Ол «астанасы Иерусалим болатын Палестина мемлекетін көрмейінше» Израиль премьер-министрімен еш уақытта кездеспейтіндігін ашық айтуда. Каир Сауд Арабиясынан зор қолдауға ие болып отыр. Бүгінде олардың қарым-қатынасы Катардың ықпалын барынша төмендетуге жеткілікті.