Әлем бойынша балық аулау көлемі азаяды - ғалымдар

АСТАНА. KAZINFORM - Аустралиядағы Монаш университеті ғалымдары жүргізген жаңа модельдеу нәтижелері климаттың өзгеруі көптеген өңірлерде балық аулау көлеміне қалай әсер ететінін көрсетті.

11 айда балық өнімдерінің нарығы 76,8 мың тоннаға жетті
Фото: АШМ

Бұл жағдай азық-түлік қауіпсіздігіне, халықтың күнкөріс көздеріне және теңіз флорасы мен фаунасының тұрақты азық көзі ретіндегі болашағына қауіп төндіреді.

Шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған Азертадж агенттігінің хабарлауынша, бұған дейінгі болжамдық модельдер балық түрлерінің температураның көтерілуіне эволюциялық өзгерістерсіз қалай жауап беретінін қарастырған. Ал Science журналында жарияланған жаңа зерттеуде балықтардың болашақ климаттық жағдайларға бейімделу барысында қалай эволюцияланатыны талданады.

Балық шаруашылығы миллиардтаған адамды ақуызбен қамтамасыз етеді, ал оған деген сұраныс алдағы уақытта арта түспек. Алайда мұхиттардың жылынуы мен ауа райының өзгеруі жағдайында балықтар эволюциялық тұрғыда өзгеріп, олардың өсімталдығы төмендеуі немесе кейбір түрлердің мүлде жойылып кетуі мүмкін.

Зерттеушілер жаһандық өзгерістерге байланысты эволюциялық бейімделу балық шаруашылығының тұрақтылығын әлсіретіп, әлемдік аулау көлеміне теріс әсер ететінін анықтады.

Зерттеудің жетекші авторы, жаратылыстану факультетінің биология ғылымдары мектебінің меңгерушісі Крейг Уайттың айтуынша, жаһандық жылыну салдарынан балықтар тезірек өсіп, ертерек жетіледі, бұл олардың ең үлкенінің көлемінің кішіреюіне әкеледі.

- Бұл эволюция балықтардың өміршеңдігі үшін тиімді болғанымен, балық шаруашылығы үшін тиімсіз. Эволюция жаһандық жылынудың балықтың тіршілік қабілетіне әсерін әлсіреткенімен, аулау көлемінің тұрақтылығына кері ықпалын күшейтеді, — деді профессор.

Осыған дейін елімізде 11 айда балық өнімдерінің нарығы 76,8 мың тоннаға жеткені туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар