Әлем чемпионаты-2026: Қазақстан футбол құрамасы Солтүстік Македонияға есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 9 маусымда футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңі аясында елордада Солтүстік Македониямен шеберлік байқасты.

Кездесу барысында құрамалар алғашқы минуттан жылдам гол соғуды іздеді. Соған қарамастан олар діттеген мақсатына жете алмай жатты. Дегенмен қазақстандық қорғаушылар тарапынан өрескел қателік байқалып жатты. Осындай сәттердің бірінде олар өз қақпасына гол жіберіп алды. Оны 33-минутта Александар Трайковски өзінің еншісіне жазды.
Екінші кезеңде қазақстандық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Бас бапкер Әли Әлиев Дастан Сәтпаев, Алияр Мұхаммед, Александр Зуев біздің құрама сапына қосылды. Осыдан кейін олардың тарапынан гол соғатын қаншама мүмкіндік туындады. Алайда таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Осылайша Қазақстан құрамасы 0:1 есебімен есе жіберді.
Екі құрама бұған дейін 2021 жылдың 4 маусымында жолдастық кездесу өткізген еді. Аталған ойында қазақстандық футболшылар қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберді.
Іріктеу кезеңінде қазақстандық футболшылар J тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары – Бельгия, Солтүстік Македония, Уэльс, Лихтенштейн.
Қазірге дейін ел құрамасы Уэльске (1:3) жол беріп, Люксембургті (2:0) қапы қалдырды.
Енді қазақстандық футболшылар алдағы ойынын 4 қыркүйекте елордада Уэльс құрамасына қарсы өткізеді.