Әлем чемпионаты: АҚШ және Швейцария хоккей құрамалары жартылай финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионында жартылай финалға шыққан екі құрама анықталды.

Мұндай мүмкіндікке АҚШ пен Швейцария құрамалары ие болды.
Ширек финалда АҚШ құрамасы Финляндиямен жолыққан еді. Кездесу барысында олар қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті. Олардың қатарынан Конор Гарланд 4, 36, Зив Буйум 34, Шейн Пинто 45, Клейтон Келлер 57-минутта гол соқса, оған финляндиялық Ээли Толванен 12, Патрик Пуйстола 27-минутта екі голмен жауап қайырды.
Ал Швейцария құрамасы ширек финалда Аустрияны 6:0 есебімен сүріндірді.
Ойын барысында Кристоф Берчи 6, Тимо Майер 11, Кен Егер 14, Кевин Фиала 23, Сандро Шмид 24, Симон Кнак 51-минутта мергендік танытты.
Енді ширек финалда Канада мен Дания, Швеция мен Чехия кездеседі.
Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнады. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында өтті.
Ел құрамасы биылғы әлем біріншілігін сәтсіз өткізді. Барлығы кездесудің біреуінде басым түссе, бесеуінде қарсыласына есе жіберді.
Алдымен Норвегияны (2:1) жеңіп, Германия (1:4), Мажарстан (2:4), Дания (1:5), Чехияға (1:8), АҚШ-қа (1:6), Швейцарияға (1:4) есе жіберді.
Осыған дейін Азия чемпонатында қазақстандық боксшы қыздар 12 салмақта түгел алтын алғаны туралы жаздық.