Әлем чемпионаты: Бахтиёр Зайнутдинов алдағы екі ойынға қатыспайды
АСТАНА. KAZINFORM — Жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдинов жарақатына байланысты Қазақстан ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі алдағы екі ойынына қатыспайды.

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, футболшы 4 маусымға дейін командамен бірге болады, жеке жаттығу жасайды.
Бахтиёр Зайнутдинов 2018 жылдың 23 наурызында ұлттық құрама сапында алғашқы ойынын өткізді. Қазірге дейін 42 кездесуде 14 гол соғып, құрама сапындағы сұрмерген атанып отыр.
2023 жылдан бері ол Түркияның «Бешикташ» клубының намысын қорғап келеді.
Ұлттық құрама 5 маусымда Беларусьпен жолдастық кездесу өткізсе, 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынында 9 маусымда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады.
Құрамға 27 ойыншы енді. Оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астанада басталды.
Ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де — «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі — «Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де — «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Ислам Чесноков (екеуі де — «Тобыл»), Серікжан Мужиков («Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Дәурен Жұмат («Оқжетпес»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Георгий Жуков («Пуща», Польша), Муроджон Халматов («Ордабасы»);
Шабуылшылар: Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»).
Айта кетелік «Пари Сен-Жермен» алғаш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.