Әлем чемпионаты: Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен алтынға таласады

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық балуан Диас Сейітқалиев (82 келі) грек-рим күресінен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатында финалға шықты.

 грек-рим күресі
Фото: olympic.kz

Жартылай финалда Диас жапониялық Тайзо Ёсидоға еш мүмкіндік берген жоқ. Қарсыласын айқын басымдықпен тізе бүктірді. Айта кетейік, өткен жылы Ёсидо ересектер арасындағы Азия чемпионатында топ жарған еді

Қазақстандық балуанның алдағы қарсыласы - ресейлік Михаил Шкарин.

Отандасымыз ширек финалда ол үндістандық Принсті сенімді жеңді.

Әлем чемпионатында грек-рим күресінен Диас Сейітқалиевтан өзге Арсен Жұма (55 келі), Саламат Мұратұлы (60 келі), Дамир Ибрашов (63 келі), Әлібек Тұрлығазы (67 келі), Юсуф Ашрапов (72 келі), Ақжан Ықыласов (77 келі), Темірлан Тұрдақын (87 келі), Нұрасыл Аманалы (97 келі), Қуаныш Амангелді (130 келі) сынды спортшыларға сенім білдірді.

Дүбірлі додада әлем чемпионатында еркін күрестен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынға табан тіреп, 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль алды.

Ел құрамасынан Едіге Қасымбек (125 келі) чемпион атанса, Камиль Куруглиев (92 келі) күміске қол жеткізді. Ал Нұрданат Айтанов (57 келі), Досжан Кұлғайып (74 келі) және Самир Дурсунов (97 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар