Әлем чемпионаты: Дзюдодан екі балуан қола жүлдегер атанды
Португалияда өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында қазақстандық екі балуан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасынан Талғат Орынбасар (60 келі) қола алды. Ол 3-орын үшін сайыста грузиялық Како Чапуришвилиден басым түсті.
Сондай-ақ Жанарыс Рахметқали (66 келі) эстониялық Вилжар Липардты жеңіп, үшінші орын алды.
Әлем чемпионаты Португалияның Коимбра қаласында 4-8 қазан аралығында өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Азия ойындарында қазақстандық Мейіржан Шермаханбет грек-рим күресінен күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстандық балуан 67 келіге дейінгі салмақта финалда жапониялық Кацуаки Эндомен кілемге шықты.