Әлем чемпионаты: Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы қай орынды алды

Бүгін гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қай орын алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Kazınform.

гандбол
Фото: olympic.kz

Қазақстандық гандболшы қыздар жарыстың алғашқы сатысында G тобында сынға түсіп, Испаниядан 17:34, Бразилиядан 16:46, Украинадан 24:37 есебімен жеңіліп қалды.

Одан кейін әрбір топта төртінші орынды місе тұтқан құрамалар Президент кубогында екі топқа бөлінді. Екінші топта бақ сынаған қазақстандық гандболшылар алғашқы екі ойында Конго Республикасына 36:37, Чилиге 23:27 есебімен есе жіберсе, Иранды 33:29 есебімен сүріндірді.

Нәтижесінде қазақстандық гандболшылар 29-орын үшін сайыста Парагвайға 30:36 есебімен жеңіліп қалды.

Әлем чемпионаты 17 желтоқсанда мәресіне жетеді.

Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші – 2007 жылғы 18-орын.

Соңғы жаңалықтар