Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы екінші мәрте жеңілді
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IIA дивизионында үшінші ойынында Ұлыбританияға есе жіберді.

Тарбысты өткен кездесуде ұлыбританиялық хоккейшілер жауапсыз екі гол соғып кетті. Осылайша отандастарымыз қарсыласына 0:2 есебімен жол беріп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды.
Қазір турнир кестесінде үш турдан кейін тоғыз ұпаймен Италия көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы Латвияның 6, Оңтүстік Кореяның 5, Ұлыбританияның 4, Қазақстанның 3 ұпайы бар. Әзірге Словения ұпай еншілеген жоқ.
IA дивизионына аталған топтан жалғыз жолдама беріледі.
Енді қазақстандық хоккейшілер 13 сәуірде Латвия, 15 сәуірде Словениямен мұзайдынға шығады.
Ел құрамасы әлем чемпионаты IA дивизионында 2005, 2007, 2009, 2024 жылдарда бақ сынаған еді.
Еске салсақ, ел құрамасы бұдан бұрын Оңтүстік Кореяны 4:2 есебімен тізе бүктіріп, Италияға 0:2 есебімен есе жіберген еді.