Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Латвиядан жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IIA дивизионында үшінші мәрте жеңіліп қалды.

Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Латвиядан жеңілді
Фото: ҚХФ

Қазақстандық хоккейшілер төртінші ойында Латвиямен шеберлік байқасты. 

Кездесу барысында олардың қатарынан Мунира Саяхатқызы 26, Мәдина Тұрсынова 29, София Зубкова 31-минутта үш гол соқты. Оған латвиялық хоккейшілер жеті шайбамен жауап берді.

Ел құрамасы қарсыласына 3:7 есебімен есе жіберді. 

Қазірге дейін Италия (0:2) мен Ұлыбританиядан (0:2) жеңіліп қалса, Оңтүстік Кореядан (4:2) басым түсті

Төрт турдан кейін Италия -12, Латвия - 9, Оңтүстік Корея - 5, Ұлыбритания - 4, Қазақстан - 3 ұпай еншіледі. Әзірге Словенияның қоржыны бос. 

Енді қазақстандық хоккейшілер 15 сәуірде Словениямен мұзайдынға шығады.

Ел құрамасы әлем чемпионаты IA дивизионында 2005, 2007, 2009, 2024 жылдарда бақ сынаған еді.

Соңғы жаңалықтар