Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM - 18 сәуірде шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатына дайындығын бастады.

Бас бапкерлер құрамы оқу-жаттығу жиынына шақырылған хоккейшілер тізімін жариялады. Оған барлығы 25 ойыншы енгізілген. Оның 3-еуі қақпашы болса, қалғаны қорғаныс және шабуыл шебінде мұзайдынға шығады.
Ойыншылар тізімі төмендегіше:
Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», Магнитогорск, Ресей), Сергей Кудрявцев («Арлан», Көкшетау), Максим Павленко («Рязань-ВДВ», Рязань, Ресей);
Қорғаушылар: Степан Александров («Торпедо», Өскемен), Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров, Бейбарыс Оразов (барлығы - «Барыс», Астана), Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, Ресей), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток, Ресей) Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск, Ресей), Иван Степаненко («Хумо», Ташкент, Өзбекстан);
Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семен Симонов, Николай Шульга (барлығы - «Барыс», Астана), Александр Борисевич («Сарыарқа», Қарағанды), Владимир Волков, Александр Своеволин, Денис Чапоров («Арлан», Көкшетау), Вячеслав Колесников («Номад», Астана), Артем Лихотников («Хумо», Ташкент, Өзбекстан), Никита Михайлис («Металлург», Магнитогорск, Ресей), Евгений Рымарев («Юнисон», Мәскеу, Ресей), Ян Тютюньков («Торпедо», Өскемен), Аркадий Шестаков («Адмирал», Владивосток, Ресей).
Әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында Швеция мен Данияда өтеді. Қазақстандық хоккейшілер В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Норвегия, Дания, Германия, Венгрия, Чехия, Швейцария және АҚШ.
Еске салсақ, шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Австриядан жеңіліп қалды.