Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан құрамасының ойын кестесі анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы Қазақстан құрамасының ойын кестесі белгілі болды.

Қазақстан хоккей құрамасы
Фото: ҚХФ

Әлем чемпионатында отандастарымыз В тобында ойнайды. Қарсыластары - Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.

Ойын кестесі төмендегіше:

10 мамыр. 15:20. Норвегия - Қазақстан

11 мамыр. 19:20. Германия - Қазақстан

13 мамыр. 23:20. Қазақстан - Мажарстан

14 мамыр. 23:20. Қазақстан - Дания

17 мамыр. 19:20. Чехия - Қазақстан

18 мамыр. 19:20. Қазақстан - АҚШ

20 мамыр. 15:20. Швейцария - Қазақстан

Ал Швецияның Стокгольм қаласында А тобында Канада, Швеция, Швейцария, Словакия, Латвия, Австрия, Франция және Словения шеберлік байқасады.

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Швецияға аттанды. Онда хоккейшілер 6 мамырда Словенияға қарсы жолдастық матч өткізеді.

Ал 7 мамырда команда Данияның Хернинг қаласына жетеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын 2025 жылғы әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан хоккей құрамасы анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар