Әлем чемпионаты: Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Данияға есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы бүгін әлем чемпионатындағы үшінші ойынын Данияға қарсы өткізді.

Кездесу барысында даниялық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Лайнус Роуч есеп ашса, көп ұзамай қазақстандық Аристарх Киреев таразы басын теңестірді.
Ал Оливер Ларсен қайтадан Данияны алға шығарса, қазақстандық Әлішер Саркеновтың голынан кейін қайтадан таразы басы теңесті.
Үшінші кезеңде Дания құрамасы сапынан Оливер Ларсен тағы бір мәрте мергендігімен көзге түссе, Уильям Бундгард екі шайба соғып кетті.
Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 2:5 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстан — Дания 2:5 (0; 0, 2:2, 0:3)
0:1 — 00:36 — Роуч. Л (Грин О, Якобсен Э)
1:1 — 02:28 — Киреев А. (Саркенов. А, Бақыт А)
1:2 — 08:08 — Ларсен О (Рорт Л, Фабер Н)
2:2 — 32:21 — Саркенов.А (Макыш Б, Нұржанов А.)
2:3 — 43:16 — Ларсен О (Рорт Л)
2:4 — 49:46 — Бундгард У (Кливое М, Гроссман А.)
2:4 — 59:00 — Бундгард У (Рорт Л)
Қақпашылар: Алпысбаев — Уайльд А
Отандастарымыз бірінші дивизионның А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары — Дания, Мажарстан, Словения, Австрия және Украина.
Қазірге дейін қазақстандық хоккейшілер Словенияға буллиттен 2:3 есебімен есе жіберсе, одан кейін Мажарстанды 4:0 есебімен тізе бүктірді. Турнир кестесінде төрт ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
Сондай-ақ 23 сәуірде аталған топта Украина Аустриядан 6:3, Словения Мажарстаннан 2:0 есебімен басым түсті.
Енді ел құрамасы 24 сәуірде Австрия, 26 сәуірде Украинамен кездеседі.