Әлем чемпионаты: IBA бойынша 5 желтоқсанда қазақстандық үш боксшы сынға түседі
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 5 желтоқсанда ел құрамасынан үш боксшы сынға түседі.
Биыл дүбірлі додаға жер-жаһанның 95 елінен былғары қолғап шеберлері келді. Оған еліміздің атынан 13 боксшы аттанды.
Қазірге дейін алғашқы жекпе-жегінде отандасымыз Нурмагамед Юсупов (92 келі) тәжікстандық Навруз Джафоевті бірінші раундта нокаутқа жіберіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Енді ел құрамасынан 5 желтоқсанда үш боксшымыз шаршы алаңға шығады.
67 келі. Санатәлі Төлтаев — Жералд Кабинда (Замбия)
80 келі. Ерасыл Жақпеков — Зуграна Эбенезер (Буркино-Фасо)
86 келі. Дәулет Төлемісов — Сюза Рамон Ботагелло (Бразилия).
Сондай-ақ алдағы күндерде ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Даниял Сәбит (51 келі), Сәкен Бибосынов (54 келі), Оразбек Асылқұлов (57 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген, ал жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.