Әлем чемпионаты: Карина Ибрагимова ширек финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 7 қыркүйекте ел құрамасынан Карина Ибрагимова (57 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Карина Ибрагимова
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы англиялық Элис Глинмен қолғап түйістірді. Жекпе-жек барысында қарсыласын сенімді түрде жеңді. Оның ендігі қарсыласы - польшалық Юлья Шеремета.

Ел құрамасынан бүгін Махмұд Сабырхан (55 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ енді ел құрамасынан Наталья Богданова (70 келі), Ертуған Зейнулинов (65 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде сайысқа түседі. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай болса, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.

Соңғы жаңалықтар