Әлем чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IIA дивизионында алғашқы ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізді.

Кездесу барысында кореялық хоккейшілер бірінші болып есеп ашты. Одан кейін қазақстандық Юлия Буторина 14-минутта таразы басын теңестірді.
Ал 33-минутта Мунира Саяхатқызы Қазақстан құрамасын алға шығарса, 41-минутта корейлік хоккейшілер мергендік танытты.
Ойынның 42-минутында қазақстандық Надежда Филимонова басымдықты арттырса, Анна Пяткова 49-минутта қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша ел құрамасы қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Ел құрамасы IA дивизионына жолдама алу үшін Оңтүстік Корея, Италия, Ұлыбритания, Латвия және Словениямен шеберлік байқасады.
Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 10 сәуірде 17:00–де Италия құрамасына қарсы өткізеді. Одан кейін 12 сәуірде Ұлыбританиямен ойнайды Одан кейін 13 сәуірде Латвия, 15 сәуірде Словениямен мұзайдынға шығады.
Ойындар Ұлыбританияның Дамфрис қаласында өтіп жатыр.