Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін АҚШ-пен кездеседі

хоккей
Фото: icehockey.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 19 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында Қазақстан құрамасы үшінші кездесуінде АҚШ-қа қарсы ойнайды.

Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер В тобында Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түсіп жатыр.

Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өтіп жатыр.

Қазақстан мен АҚШ кездесуі сағат 19.20-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама бұған дейін 6 мәрте кездесті. Оның барлығында қазақстандық хоккейшілер қарсыласына есе жіберді.

Одан кейін ел құрамасы 20 мамырда Польша хоккейшілерімен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Францияны 3:1 есебімен жеңсе, Словакияға 2:6, Латвияға 0:2, Швецияға 1:3, Германияға 2:8 есебімен есе жіберді.

 

Соңғы жаңалықтар