Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Норвегиямен ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы алғашқы ойынын бүгін Норвегия құрамасына қарсы өткізеді.

Қазақстан хоккей құрамасы бүгін Норвегиямен ойнайды
Фото: icehockey.kz

Екі құрама қазірге дейін бес мәрте кездесті. Оның екеуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанында қарсыласына есе жіберді.

Кездесу қазақстандық уақытпен 15:15–те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ел құрамасы дүбірлі додаға биыл 13 мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші — 2021 жылғы оныншы орын.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнайды.
Қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.

Бапкерлер штабы алдағы турнирге қатысатын ойыншылар тізімін жариялады. Қорытынды тізімге 25 хоккейші енді.

Қақпашылар: Желал-ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», Магнитогорск, Ресей), Сергей Кудрявцев («Арлан»), Максим Павленко («Рязань-ВДВ», Рязань, Ресей).

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамерлан Гайтамиров, Артём Королёв (барлығы — «Барыс»), Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, Ресей), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток, Ресей), Эдуард Михайлов («Арлан»), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск, Ресей).

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Әлихан Өмірбеков, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Роман Старченко (барлығы — «Барыс»), Владимир Волков («Арлан»), Вячеслав Колесников («Номад»), Артём Лихотников («Хумо», Өзбекстан), Никита Михайлис («Металлург», Магнитогорск, Ресей), Евгений Рымарев («Юнисон», Мәскеу, Ресей), Аркадий Шестаков («Адмирал», Владивосток, Ресей).

Ойын кестесі төмендегіше:

10 мамыр. 15:20. Норвегия — Қазақстан
11 мамыр. 19:20. Германия — Қазақстан
13 мамыр. 23:20. Қазақстан — Мажарстан
14 мамыр. 23:20. Қазақстан — Дания
17 мамыр. 19:20. Чехия — Қазақстан
18 мамыр. 19:20. Қазақстан — АҚШ
20 мамыр. 15:20. Швейцария — Қазақстан

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына дайындығы аясында 1-3 мамыр аралығында Астанада өткен халықаралық Qazaqstan Hockey Open турнирінде Ресей 25 құрамасына 1:4, Беларусьтен 0:2 есебімен жеңілді.

Сондай-ақ одан кейін Швецияға аттанып, онда Словенияға жолдастық кездесуде 2:3 есебімен жол беріп қойды. 

Соңғы жаңалықтар