Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы Данияға есе жіберді
АСТАНА. KAZINFORM — Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы төртінші ойынын Данияға қарсы өткізді.

Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы В тобында ойнап жатыр. Қарсыластары — Финляндия, Чехия, АҚШ, Германия, Дания, Норвегия және Мажарстан. Ойындар Данияның Хернинг қаласында болады.
Екі құрама бұған дейін алты мәрте шеберлік байқасқан еді. Оның екеуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, қалғанына қарсыласына есе жіберді.
Бүгінгі кездесу барысында даниялық хоккейшілер белсенділік көрсетті. Нәтижесінд олардың қатарынан Миккель Огор 24, Александер Труэ 32-минутта екі шайба соғып кетті.
Ойынның 46-минутында қазақстандық Никита Михайлис таразы басын теңестірді.
Ал даниялық құрамадан Кристиан Вайсе Матиасен 50, Александер Труэ 51, Ник Олесен 59-минутта басымдықты арттыра түсті.
Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:5 есебімен есе жіберді.
Қазірге дейін Қазақстан құрамасы Норвегияны (2:1) жеңіп, Германияға (1:4), Мажарстанға (2:4) есе жіберсе, Дания АҚШ-тан (0:5), Швейцариядан (2:5) және пен Чехиядан (2:7) жеңілді.
Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 17 мамырда Чехияға қарсы өткізеді.
Сондай-ақ бүгін В тобында АҚШ құрамасы Норвегияны овертаймнан кейін 6:5 есебімен жеңді.
Ал А тобында Словакия Францияны 2:1, Швеция Латвияны 6:0 есебімен тізе бүктірді.