Әлем чемпионаты: Қазақстан хоккей құрамасы Латвияға есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үшінші ойынын Латвияға қарсы өткізді.

спорт
Фото: championat.com

Бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиев аталған кездесуге төмендегіше құрамды шығарды: Шутов (Бояркин) -Метальников-Бреус, Старченко-Шестаков-Рымарев; Орехов-Данияр Самат, Михайлис-Өмірбеков-Савицкий; Диханбек-Бекетаев, Панюков-Мухаметов-Муратов; Королёв-Гайтамиров, Бойко-Рахманов-Әсетов.

Ойын барысында латвиялық хоккейшілер белсенділігімен көзге түсті. Соған қарамастан бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ.

Екінші кезеңде қазақстандық қақпашы Андрей Шутов өзінің қақпасына екі гол жіберіп алды.

Үшінші кезеңде таблодағы есепке ешқандай өзгеріс енген жоқ. Латвиялық хоккейшілер 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ел құрамасы алдағы ойынын енді 16 мамырда Швецияға қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер Францияны 3:1 есебімен жеңсе, Словакияға 2:6 есебімен есе жіберді.

 

Соңғы жаңалықтар