Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық сайыстың финалына жолдама алды.

су спорты
Фото: ҚР ҰОК

ҚР ҰОК мәліметінше, ұлттық құрама топтық акробатикалық бағдарламаның іріктеу кезеңінде 190.1238 ұпай жинап, 11-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы сапында: Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Жаклин Якимова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецева, Жания Жиенғазы өнер көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, финалдық сайыс 25 шілдеде өтеді.

Еске сала кетейік, Қазақстан су спорты түрлері федерациясына жаңа басшы келді.

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өткен су спорты түрлерінен әртүрлі жас санатындағы XI Азия чемпионатында Қазақстан Қытай құрамасын жеңіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар