Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Уэлське есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі төртінші ойынын Уэльске қарсы өткізді. 

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Уэлське есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Алғашқы минуттан Қазақстан: құрамасы сапында Темірлан Анарбеков, Ян Вороговский, Сергей Малый, Әлібек Касым, Нұралы Әліп, Бағдат Қайыров, Рамазан Оразов, Дамир Қасаболат, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов, Дастан Сәтпаев шықты.

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Уэлське есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Кездесу барысында уэльстік футболшылар алғашқы минуттан белсенділік көрсетті. Алаңның қос қанатынан жиі шабуыл ұйымдастырды. Оған қазақстандық қорғаушылар лайықты деңгейде төтеп бере білді. 

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Уэлське есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Сондай-ақ алаң иелері де қарсы шабуылға шықты. Осындай сәттің бірінде қазақстандық жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек гол соғатын мүмкіндігін мүлт жіберіп алды. Оның тепкен добы қақпа бағанасынан сәл қиыс кетті.

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Уэлське есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Ойынның 25-минутында уэльстік Киффер Мур көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. 

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Уэлське есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 0:1 есебімен жол берді.

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Уэлське есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін 3 ойыннан кейін Уэльс құрамасы 6 ұпаймен екінші орында тұрса, төртінші орындағы Қазақстанның 3 ұпайы бар. Олардан басқа аталған топта Солтүстік Македония, Уэльс және Лихтенштейн сынға түседі.

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Уэлське есе жіберді
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Қазірге дейін қазақстандық футболшылар Уэльс (1:3) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті. 
Сондай-ақ ұлттық құрама 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. 

Соңғы жаңалықтар