Әлем чемпионаты: Қазақстан — Уэльс құрамында алғашқы минуттан кімдер шығады

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Қазақстан және Уэльс кездесуінде алғашқы минуттан шығатын ойыншылар тізімі белгілі болды. 

футбол
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Кездесу қазақстандық уақытпен 19:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бас төреші міндетін испаниялық Алехандро Эрнандес атқарады. Оған отандастары Хосе Наранхо мен Диего Санчес көмектеседі.

Қосалқы төреші де сол елдің өкілі — Хосе Луис Мунуэра.

Ойыншылар тізімі:

Қазақстан: Темірлан Анарбеков (Қ) — Ян Вороговский, Сергей Малый, Әлібек Касым, Нұралы Әліп (К), Бағдат Қайыров — Рамазан Оразов, Дамир Қасаболат, Ғалымжан Кенжебек — Максим Самородов, Дастан Сәтпаев;

Қосалқы құрам: Мұхаммеджан Сейсен (Қ), Бекхан Шайзада (Қ) — Сұлтанбек Астанов​, Ұлар Жақсыбаев, Наурызбек Жагоров — Дәурен Жұмат, Дінмұхамед Қараман, Серікжан Мужиков, Ислам Чесноков, Муроджон Халматов — Оралхан Өміртаев, Иван Свиридов;

Уэльс: Карл Дарлоу (Қ) — Неко Уильямс, Бен Дэвис (К), Дилан Лоулор, Крис Мефам, Сорба Томас — Джошуа Шихэн, Лиам Каллен, Харри Уилсон, Бреннан Джонсон — Киффер Мур;

Қосалқы құрам: Адам Дэвис (Қ), Том Кинг (Қ) — Ронан Кпакио, Рис Норрингтон-Дэвис, Бен Кабанго — Дэвид Брукс, Джоел Колвилл, Чарли Крю, Джордан Джеймс — Дэниэл Джеймс, ​Луис Кумас, Джоэл Колвилл, Марк Харрис;

Құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазірге дейін 3 ойыннан кейін Уэльс құрамасы 6 ұпаймен екінші орында тұрса, төртінші орындағы Қазақстанның 3 ұпайы бар. Олардан басқа аталған топта Солтүстік Македония, Бельгия және Лихтенштейн сынға түседі.

Қазірге дейін қазақстандық футболшылар Уэльс (1:3) пен Солтүстік Македония (0:1) құрамаларынан жеңіліп, Лихтенштейннен (2:0) басым түсті.

Алғашқы ойында Қазақстан аталған қарсыласына сырт алаңда 1:3 есебімен жол берген еді. 

Соңғы жаңалықтар