Әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Аустрияны жеңді

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы бүгін әлем чемпионатындағы төртінші ойынын Аустрияға қарсы өткізеді.

Әлем чемпионаты: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Аустрияны жеңді
Фото: ҚХФ

Отандастарымыз бірінші дивизионның А тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - Дания, Мажарстан, Словения, Аустрия және Украина.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер белсенді қимыл көрсетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде олар қатарынан үш шайба соғып кетті. Екінші кеезңде аустриялық хоккейшілер бір голмен жауап қайырса, шешуші кезеңде қарсыластар бір-бір шайбадан алмасты.

Осылайша қазақстандық хоккейшілер Аустрияны 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Қазақстан - Аустрия 4:2 (3:0, 0:1, 1:1)

1:0 - 05:22 - Мақыш (Ибрагим, Саркенов) 

2:0 - 13:24 - Киреев (Медведев, Евплов)

3:0 - 14:40 - Түсіпбеков (Бақыт, Миндубаев)

3:1 - 35:53 - Коларик (Оберхаузер, Хутцингер) 

3:2 - 49:21 - Оберхаузер (Коларик) 

4:2 - 58:53 - Ибрагим 

Қақпашылар: Лыткин - Хайтцман 

Енді отандастарымыз 26 сәуірде Украинамен кездеседі.

Қазірге дейін қазақстандық хоккейшілер Словенияға буллиттен 2:3, Данияға 2:5 есебімен есе жіберсе, одан кейін Мажарстанды 4:0 есебімен тізе бүктірді

Көш басында 9 ұпаймен Украина мен Дания құрамасы келеді. Одан кейінгі орындардағы Қазақстанның - 7, Словенияның -5 ұпайы бар. Ал бесінші орындағы Аустрия -3 ұпай еншілесе, әзірге Мажарстанның қоржыны бос.

Соңғы жаңалықтар