Әлем чемпионаты: Қазақстандық төртінші боксшы жартылай финалға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық боксшы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Назым Қызайбай (48 келі) жартылай финалға шықты.

Назым Кызайбай
Фото: Sports.kz

Ширек финалда ол венесуэлалық Тайонис Седеньо Рохасты 5:0 есебімен жеңді.

Қазірге дейін ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Енді кешкі сессияда Карина Ибрагимова (57 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі) сынға түседі.

Жайна Шекербекова (54 келі), Жасмин Қизатова (66 келі) ширек финалда жарыс жолын аяқтады.

Дүбірлі додаға 12 спортшы алып барған Қазақстан құрамасының 10 спортшысы жарыстың аталған сатысына дейін жетті.

Әлем чемпионаты Сербияның Ниш қаласында өтіп жатыр.