Әлем чемпионаты: Наталья Богданова үндістандық боксшыны жеңіп, ширек финалға өтті
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Наталья Богданова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында сәтті өнер көрсетті. Наталья Богданова бұл кезеңде үндістандық Санамача Чоксоммен қолғап түйістірді.
ҚР ҰОК мәліметінше, жерлесіміз қарсыласын алғашқы раундтан-ақ қыспаққа алып, нокдаунға жіберді. Жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап қалған қазақстандық былғары қолғап шебері 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алды.
Бокс федерациясы мәліметінше, әлем чемпионатының 1/4 финалы аясындағы жекпе-жек Сема Чалышканмен 9 қыркүйекке жоспарланған.
Айта кетейік, Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 7 қыркүйекте ел құрамасынан Карина Ибрагимова (57 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Нұрбек Оралбай украиналық боксшы Матвей Ражбаны жеңді.
Махмұд Сабырхан Ливерпульдегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады.
Бокстан әлем чемпионатында 7 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан кімдер шығатынын жаздық.