Әлем чемпионаты: Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Үндістанды 16:0 есебімен жеңді

Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Біріккен Араб әмірлігінің Рас-эль-Хайм қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Футзал
Фото: Kazinform

Әлем чемпионатына әуесқой спортшылар қатыса алады.

Ел құрамасы А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Гана, Үндістан және Біріккен Араб әмірлігі.

Бүгінгі ойында қазақстандық спортшылар Үндістан құрамасын 16:0 есебімен тізе бүктірді.

Кездесу барысында ел құрамасынан Нұрсұлтан Жүсіпов (9, 33 минут), Жәнібек Сейітжан (12, 50+1), Илья Мун (17, 32), Евгений Бирюков (20), Асланбек Аршкенов (22), Бақтияр Жушнов (24, 36, 44), Авель Таржанов (27, 47), Бәкір Диқанбаев (36, 37), Оралбек Егізбаев (40) мергендік танытты.

Алғашқы турда ел құрамасы Ганадан 7:0 есебімен басым түсті.

Енді Қазақстан құрамасы 30 қазанда Біріккен Араб әмірлігімен кездеседі.

Әлем чемпионатына барлығы 32 команда қатысып жатыр. Құрамалар сегіз топқа бөлінген. Әрбір топтан екі құрамадан плей-офф сатысына жолдама алады.

Еске салсақ, 29 қазанда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті.

 

Соңғы жаңалықтар