Әлем чемпионаты: Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Даниямен ойнайды
Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы екінші ойынын Данияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салады.
Кездесу елорда уақытымен 21:00-де басталып, Insport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты бірінші дивизионында алты мәрте ойнады. Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді.
Қазақстан жастарының нәтижесі:
1-орын (1997, Киев, Украина)
1-орын (2007, Торре-Пелличе, Италия)
1-орын (2015, Дунайварош, Венгрия)
1-орын (2018, Куршевель, Франция)
4-орын (2022 жыл, Хёрсхольме, Дания)
2-орын (2023 жыл, Галифакс, Монктоне, Канада)
Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық жастар жолдастық кездесуде Венгрия және Франция құрамаларынан басым түсті.