Әлем чемпионаты: Төрехан Сабырхан франциялық Макан Траореден басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM – Отандасымыз әлем чемпионатының ширек финалында Франция өкілі Макан Траоремен қолғап түйістірді. 

Бокс: Махмұд Сабырхан ширек финалда жапониялық боксшыны айқын басымдылықпен жеңді
Фото: ҰОК

Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер Төреханды үздік деп санады. Осылайша ол ағасы Махмұдтың жеңісті жолын жалғап, жартылай финалға шықты. 

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Спорттық бәсеке «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасынан 13 боксшы шаршы алаңға шығатынын жазған едік.

Сондай-ақ бұған дейін Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованың жартылай финалға өткенін хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар