Әлем чемпионаты: Жангелдина мен Токарева жарысты аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM - Дзюдодан Қазақстан командасы әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде де жүлдесіз қалды. 

дзюдо
Фото: Olympic.kz

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, бүгін Әбу-Дабидегі әлем чемпионатында Аруна Жангелдина (78 келі) мен Екатерина Токарева (70 келі) бақ сынады. 

Жангелдина бірінші белдесуде Ұлыбритания өкілі Эмма Рейдке есе жіберді. Ал, Токарева бірінші айналымда өзбекстандық Гүльноза Матниязованы жеңіп, екінші кезеңде испаниялық Ай Цунододан жеңіліп қалды. 

Осылайша, Қазақстан командасы кезекті жарыс күнін жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан құрамасының қоржынында Әбиба Әбужақынова (48 келі) жеңіп алған қола медаль ғана бар. 

Бұған дейін дзюдошы Есмигүл Куюлова ширек финалға шыға алмағанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар