Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық жас балуандар анықталды

спорт
Фото: Қазақстан күрес түрлері федеарциясы

Албания астанасы Тирана қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Дүбірлі дода 23-29 қазан күндері жалауын көтереді. Әлем чемпионатына қатысатын балуандар еркін, грек-рим жән әйелдер күресінен сынға түседі.

Еркін күрестен ел құрамасы сапында Ерасыл Мұхтарұлы (57 келі), Асылжан Есенгелді (61 келі), Адлан Асқаров (65 келі), Родион Анчугин (70 келі), Ербарыс Сатыбалды (74 келі), Шамсат Таир (79 келі), Нұрдәулет Қуанышбай (86 келі), Нұрдәаулет Бекенов (92 келі), Юнус Гафуров (97 келі) және Омархан Надиров (125 келі) бар.

Ал грек-рим күресінен еліміздің атынан Исхар Курбаев (55 келі), Айбек Сабырбеков (60 келі), Ержет Жарлықасын (63 келі), Сұлтан Әсетұлы (67 келі), Ерасыл Нұрбосынов (72 келі), Расул Жүніс (77 келі), Азимхон Абдалиев (82 келі), Мақсат Сайлау (87 келі), Ерзат Ерланов (97 келі), Асылбек Жәнібекұлы (130 келі) бозкілемге шығады.

Сондай-ақ, әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы сапында Лаура Ғаниқызы (50 келі), Алтын Шағаева (53 келі), Зейнеп Баянова (55 келі), Шұғыла Өмірбек (57 келі), Гүлдана Бекеш (59 келі), Ирина Кузнецова (62 келі), Альбина Кайыргелдинова (65 келі), Бейбіт Сейдуалы (68 келі), Анастасия Панасович (72 келі) және Іңкәр Жаңатаева (76 келі) жарысқа қатысады.

Еске салсақ, Астанада 23 қазан мен 3 қараша аралығында жастар арасында бокстан Азия чемпионаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар